Атыс алаңында
Приозерск гарнизонында орналасқан 60601 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспар бақылау атыс дайындығын тапсырды.
Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.
Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.
Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар. Солардың бірі 91 келісім шарт бойынша аға сержант Медет Сулейменов.
Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайды.
Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 60601 әскери бөлімінің командирінің штаб бастығы подполковник Фархат Шыныбаев өзі бақылады.
– Шеберлік жаттығуда шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз. Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 60601 әскери бөлімінің штаб бастығы.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы