Бас тақырыпЖаңалықтар

Атырауда Президенттің төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды, деп хабарлайды ortalyq.kz   Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Aikyn.kz сайтынан

Қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылы 17 маусымда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды.

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ой-толғамдары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button