Бас тақырыпЖаңалықтар

Қатты боран мен аяз: өңірде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз ауа райына байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Синоптиктердің болжамына сәйкес, облыс аумағында қатты қар, жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, тұман, сондай-ақ екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел және 25–30 градусқа дейін аяз күтілуде. Осыған байланысты азаматтарға алыс жолға шықпау, әсіресе түнгі уақытта және ауа райы күрт бұзылған кезде сапардан бас тарту ұсынылады.

Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану және жол жағдайына сай қозғалу қажеттігі ескертіледі. Жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болып, асықпай, жол ережелерін сақтауға шақырады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 18.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі екі учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша жабылды:

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы

(1067–1135 шақырым, Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы);

«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы

(231–324 шақырым, Ботақара кенті – Павлодар облысының шекарасы).

Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерден тыс жерге жолға шықпауға, ауа райы мен жол жағдайына қатысты ресми ақпаратты тұрақты түрде бақылап отыруға және құтқару қызметінің ұсынымдарын орындауға шақырады.

Қандай да бір төтенше жағдайға тап болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button