Жаңалықтар

«Avon Kazakhstan» қатерлі ісікке қарсы күш біріктіреді

«Avon Kazakhstan» компаниясы жетекші медициналық, іскерлік және қоғамдық ұйымдармен серіктесе отырып, Алматыда «Өзгерістерге ықпал ету: сүт безі обырына қарсы күресте ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара сүт безі қатерлі ісігімен күресудегі инновациялық әдістер мен бірлескен күш-жігерді пысықтап, сараптау үшін онкология, технология, сұлулық, ақпараттық технологиялар, ғылыми-зерттеу және қоғамдық ұйымдарды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы үздік сарапшыларды біріктірді.

Сурет жарнама берушілерден

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сүт безі обырын стигматизациялау мәселесін, скрининг және тексерудің инновациялық әдістерін, сонымен қатар, алдын ала анықтаудың маңыздылығын жан-жақты талқыға салды.  Іс-шара аясында спикерлер сүт безі обырын сәтті емдеудегі ерте диагностиканың маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Сүт безінің қатерлі ісігі  әйел затындағы онкологиялық аурулар арасында бірінші орында (12,6%). Өлім қаупі жағынан аталған диагноз 3-орында – 8,8%. Тек, 2023 жылдың өзінде Қазақстанда сүт безі обырының 5507 жағдайы анықталған. Өкінішке қарай, сүт безі қатерлі ісігі жасаруға бейім және қазірдің өзінде 18-19 жастағы қыздарда оның даму қаупі бар. Бірақ, біз ерте диагностикалаудың 95% жағдайында қатерлі ісік толығымен емделетінін және емдеудің салдарын азайтуға болатындығын есте ұстауымыз керек.

Ал, 17 мамырда «Avon» компаниясы заманауи биопсия аппараттарын қайырымдылық көмек ретінде сыйға беруді ұйымдастыру арқылы сүт безі қатерлі ісігімен күресте тағы бір маңызды қадам жасады. Озық технологиялармен жабдықталған бұл құрылғылар, сырқатты ерте диагностикалауға және дәл анықтау үшін, Қазақстанның 9 онкологиялық орталығына таратылған.

– Бұл маңызды жағымды оқиға біздің қатерлі ауру туралы сақтық шараларын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, диагностикалық және емдеу жағдайларын жақсарту үшін белсенді әрекет етуге ұмтылысымызды айғақтайды. Біз күш біріктіру арқылы ғана сүт безі қатерлі ісігіне қатысты кез келген қиындықты жеңіп, қазақстандық әйелдердің өмірін жақсарта алатынымызға нық сенімдіміз», – дейді «Avon Kazakhstan» компаниясының бас директоры Асель Садыкулова.

Сондай-ақ, «Қатерлі ісікке қарсы біргеміз» қоғамдық қоры мен Қазақ ұлттық ғылыми зерттеу институты  басшылығының «Сүт безі обырына қарсы» миссиясының жобаларын жүзеге асырудағы көмегін атап өткен жөн.

Жарнама құқығы негізінде
PR

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button