Бас тақырыпРесми

Қате ақпарат таратқан журналист заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін

Қате ақпарат таратқан журналист заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Кеше Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасы қаралды.

Сурет: freepik.com

Бұған дейін жалған ақпарат таратқандардың үстінен кез-келген уақытта, тіпті 10 жылдан кейін де шағым түсіру мүмкін болған. Одан бөлек қаралып жатқан заңға сай мемлекеттік органдар журналистердің ресми сауалына 5 күн ішінде жауап берулері тиіс.

Сондай-ақ құжатта телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесі реттеледі. Әзірге 60-та 40 пропорциясы қаралып жатыр. Дегенмен, депутаттар қазақ тілінің үлесін 70 ал орыс тіліне эфирдің 30 пайызын бөлуді ұсынып отыр. Заң жобасында журналистерге баспасөз картасын әзірлеу мәселесі де бар. Қызу талқыланғаны да тап осы норма. Карта әзірленсе ол өзге азаматтардың құқығын шектеуі мүмкін. Сондықтан екінші оқылымға дейін құжат қайта пысықталатын болды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button