Рухани жаңғыруРуханият

Атауларды жаңғырту – тарихты тану

Елбасымыздың ономастикалық атауларды ретке келтіру, идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын көше атауларын өзгерту қажеттігі жайлы тапсырмасына сай, Қарағанды қаласының көше атауларына сараптама жасалды.

Қарағандының құрылу тарихы ерекше. Кезінде бірнеше жұмысшы ауылдарынан құралған көшелерге берілген атаулар бүгінде ескірген. Еш тарихи маңызы жоқ әлі күнге дейін сол атауларымен аталып келе жатқан көшелер көп кездеседі. Мәселен, Пахотная, Аптечная, Санаторная, Узловая, Рыбная және тағы да басқалары. Сонымен қатар, қаламыздың көше атауларын сараптау кезінде аты-жөні нақты анықталмаған адамдардың атына берілген көшелер де кездеседі. Мысалға П.Лебедев – ғалым ба әлде әскери қолбасшы ма, Коцюбинский – украиндық жазушы немесе КСРО батыры ма, белгісіз. Осындай атының берілуі тарихы беймәлім көше атаулары жиі кездеседі. Жалпы алғанда облыс орталығындағы көше атауларының 47% идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар болып табылады. Осы атауларды ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту – бүгінгі күні алдыға қойған маңызды мәселе. Осы орайда, қала тұрғындарының қолдауы өте маңызды. Дегенмен, қала тұрғындарының тарапынан жаңашылдыққа деген ұмтылыстан, қорқыныштың басымырақ екенін байқаймыз. Қаламыздың көшелерінің атауын заманауи, ұлттық нақыштарымыз бен нышандарымызды айқындайтын атаулармен қайта атау ұсынысы өз ретімен әуелі қоғамдық кеңес қарауына ұсынылып, кейін көпшілік тыңдалымдары ұйымдастырылады.

Соған орай, 2018 жылдың 3 сәуірінде Одақтар үйінде сағат 17.00-де бірқатар идеологиялық тұрғыдан көнерген көше атауларын өзгерту мәселесі көпшілік тыңдалымда талқыланатынын болады. Қаламыздың тарихы мен ұлттық сананы жоғары қоятын, елін сүйетін қарағандылықтарды аталмыш бастамаға қолдау білдіруге шақырамыз.

Айнұр ТОПАЕВА,

Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button