Бүгін Теміртау қаласы әкімдігінің үлкен залында Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылаған жиын өтіп, оған қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен жоғары, орта оқу орындарының ,мектептер басшылары, түрлі дін өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиынды ашқан Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов өз сөзінде конституциялық реформалардың мемлекеттің одан әрі дамуы мен демократиялық институттарды нығайтудағы маңызын атап өтті.

Осы тақырыпта Теміртау қалалық мәслихатының төрағасы Алексей Ломакин мен осындағы Қарағанды индустриалдық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Жәутіков баяндамалар жасап, “Аманат” партиясының Теміртау қаласы бойынша атқарушы хатшысы Нұржан Ажиков сөз сөйледі.
Ата заңымыздың жаңа жобасын талқылауға қатысушылар бұл саладағы реформаларды жан-жақты қарастырып, оны халық арасында түсіндірудің маңыздылығын айтып, Конституцияның жаңартылған нормаларын одан әрі талқылауға және іске асыруға атсалысуға дайын екендерін білдірді.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ



