Жаңалықтар

Ата Заң туралы ашық әңгіме

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Конституцияның 30 жылдығына арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры»  көшбасшылық дәріс іс-шарасы өтті.

Сурет кітапхана мұрағатынан

Конституцияның мәні мен маңызын түсіндірген шара азаматтық жауапкершілікті арттырды. Оған қоса құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жас буынға ел басқарудағы көшбасшылық ұстанымдарды дәріптеуді көздеді.

Шараға заң ғылымдарының магистрі, «Bolashaq» академиясының аға оқытушысы Ақнұр Тілеуқабылқызы, Қарағанды медицина университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасының ассистент профессоры, «Күретамыр» тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі Камшат Абдрахманова қатысып, Конституцияның қабылдану тарихы мен негізгі қағидаларына тоқталып, жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында  кеңес берді.

Қарағанды қаласының ардагерлері Раушан Киманова, Төлеужан  Ахметбеков және Валентина Кочетова  мерекелік құттықтау тілектер білдірді. «Туған жер», «Мен қазақтың баласы» әндері шырқалды. Шараға  Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің сарбаздары  қатысты.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button