Жаңалықтар

Ата заңның жаңа жобасы – ел болашағының бағдары

Қазақстанда әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновацияға басымдық берілуде. Яғни білім мен ғылымға басымдық беру адам әлеуетін дамытуға және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мәдениет пен ұлттық рухты көтеру арқылы мәдени құндылықтарды сақтау мен өркендетуге көңіл бөлінеді. Инновацияны дамыту технологиялық прогреске және экономикалық өсуге бастайды.

Коллажды жасаған Ш.Адамбекова

Бұл бағыттар Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Себебі ғылым мен инновация экономиканың дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.

Конституциялық комиссия мүшелерінің айтуынша, оның жаңа жобасында ғылым мен инновацияға қатысты нормалардың болуы мемлекеттің халықаралық беделін арттырып, оны прогресс пен инновацияға бағдарланған ел ретінде танытады.

Еліміздің болашағы адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін мұндай түбегейлі өзгерістің жасалуы мемлекеттігімізді нығайтып, елдігімізді берік қылады. Жалпы алғанда, Конституцияның жаңа жобасы Қазақстанның болашағына бағдар беретін маңызды құжат болмақ.

Гүлмира ДҮЙСЕКОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектептің бастауыш сынып мұғалімі,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button