АймақҚарағанды

Ата Заң — ел дамуының негізі

Конституция күні қарсаңында Достық үйінде “Конституция — мемлекет пен қоғам тұрақтылығының кепілі” дөңгелек үстел өтті.

Суреттер автордан

Шара барысында мәдениет және ақпарат, төтенше жағдайлар министрлері, облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

— Ата Заң — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізі, халықтың тұрақтылығы мен бірлігінің іргетасына айналды. Соңғы өзгерістер кезінде Конституция азаматтардың мүмкіндіктер аясын арттырды. Конституциялық құндылықтар еш өзгермейді, — деді Әлібек Үсенұлы.

Ата Заңымыздың саяси тұрақтылық пен халық бірлігінің негізі екенін облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов атап өтті.

Сонымен қатар, Қарағанды зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, Аманат партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасы Бекзат Алтынбеков баяндама жасады.

Жастардың құқықтық мәдениеті мен сауаты жайлы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Арайлым Аманбаева сөз қозғады.

Ақтоғай ауданы аудандық мәслихат төрағасы Рашид Әбеуов өз баяндамасында аудан әкімдерін сайлау қоғамның саяси өзгерістерге бетбұрысының көрінісі екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады.

Қарлығаш Мажетаева қарағанды қаласы еңбек инспекциясы басқармасына қабылданып жатыр.

— Бала күтімі бойынша демалыстан кейін жаңа қызметке орналастым. Бұрын зейнетақы төлеу орталығында істедім. Ол кез бен қазіргі уақытты салыстырсақ, көп өзгеріс бар. Мемлекеттік қызмет жүйесі өзгерген, мемлекеттік қызметшілердің мүмкіндіктері артқан, — дейді ол.

Әлібек Әлденей және Нұркен Кобжанов ант қабылдаушылард құттықтады.

Жиналғандар Конституцияның құқықтық-нормативтікактілер ғана емес, елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси қатынастардың дамуына негіз екенін атап өтті.

Жансая ОМАРБЕК, 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button