Ресми
Ата Заң – алтын қазығымыз
Баршаңызды еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын.

Конституция – мемлекетіміздің берік тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі. Ата Заңға ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің одан әрі дамуына, әділетті қоғам құруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған.
Референдум – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауына берілген заңды мүмкіндік. Сіздердің әрқайсыларыңыздың дауыстарыңыз – мемлекетіміздің ертеңіне қосқан үлес.
Дәурен КӘРСЕМБАЕВ
Шет ауданы әкімінің орынбасары



