Бас тақырыпОблыс әкімі

Ата Заң – айбынымыз

Ата Заң күні азаттығымыздың айғағы ретінде жер-жерде аталып өтті. Әсіресе, облыстың орталық саябағындағы дүбірлі думан көпшіліктің көңілінен шықты.

Қошанов Ерлан
Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Қала өнерпаздарынан бөлек, жас әнші, жерлесіміз Қуандық Рахымның «Мен Қазақпын» әні мерекенің ажарын аша түсті. Осы күні қарағандылықтарды облыс әкімі Ерлан Қошанов құттықтады.

– Баршаңызды тәуелсіз еліміздің Ата Заңы күнімен құттықтаймын! Егер, өткен заманда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» болмағанда қазақтың ғасырлар бойы тарихы мен тағдыры мүлдем басқаша өрбуі мүмкін еді. Әрине, бүгінгі күн бізге оңайлықпен жеткен жоқ. Дегенмен, ешқандай саясат бізді ата жолымыздан адастыра алған жоқ. Керісінше, Ата Заңымыз Елбасының табанды саясатының арқасында ақиқатқа айналып, бүгінгі күнде жандана түсуде. Бүгінгі Конституциямыз тәуелсіз Қазақстанымыздың алтын тірегі болып отыр. Соның арқасында біз бірлігі бекем халыққа айналып отырмыз. Біз алдымызда биік мақсаты бар мемлекет екенімізді дәлелдедік. Біз бүгінгі күнде Елбасымыздың арқасында ең тұрақты, ең бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндік алып отырмыз. Ал, осы алаңсыз өміріміздің басты кепілі – Ата Заңымыз! – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, мереке аясында игі іс-шаралар атқарылды. Оның ішінде, тұрғындар арасында Ата Заңға байланысты сауалнамалар жүргізіліп, үнпарақшалар таратылды.

Түстен кейін әншілер Адам, Гүлбану Серікова, Даир Темірғалиев, Полина Штыкова, Динара Тұңғышбаева, Фархат Сапан әннен шашу шашып, мерекелік шараның көркін қыздырды.

Сондай-ақ, көрермендер Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік ансамбльдерінің («Мерей», «Аққу», «Әуен») өнерін тамашалады.

Бұдан кейін, «Күй mix» фестивалі мен «ROYAL BEATS» барабан шоуына жұртшылық көзайым болды.

Кешқұрым «Mosaic live band» қатысумен өткен жанды дауыстағы мерекелік концерт Қарағанды аспанын әнге бөледі.

Тәулікке созылған мерекелік кеш осымен тәмам.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button