Бас тақырыпЖаңалықтар
Ата-аналарға реанимациядағы балаларымен бірге болуға рұқсат беріледі
Бұдан былай ата-аналарға реанимациядағы балаларымен бірге болуға рұқсат беріледі, – деп хабарлайды ortalyq.kz. Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Бұл бастама анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде балалардың заңды өкілдерімен тәулік бойы бірге болуын қамтамасыз етеді.
Министрліктің мәлімдеуінше, ата-аналардың жанында болуы балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті жақсартуға ықпал етеді.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.