Бас тақырып

Ата-ана мен балаға тегін көмек

Кеншілер шаһарында облыстық білім басқармасының жанынан ашылған психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Ондағы мамандар балалар мен олардың ата-аналарына тегін көмек көрсетеді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Ашылғанына төрт жыл болған орталық әлеуметтік-психология­лық сүйемелдеу зертханасының негізінде құрылған. Мұндағы мамандар педагогтар мен психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін аудандар мен білім беру ұйымдарына барады. Сонымен қатар, бала және ата-ана құқықтары жөніндегі уәкіл білім басқармасының сұрауы бойынша қолдау көрсетеді.

Аталған психологиялық қолдау орталығында көмек, ең алдымен, балалар мен ата-аналарға бағытталған. Олардың эмоционалды жә­не психологиялық мәселелерін шешуге қол ұшын береді.

– Басты міндетіміз – психологиялық сүйемелдеу жүйесін талдау және білім беру ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің сапасын арттыру. Психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларымен, сы­нып жетекшілерімен тікелей жұмыс істейміз. Балаларға, ата- аналарға және педагогтарға ар­налған арнайы кеңес беру каби­неттері ашылды. Егер бала немесе ата-ана түрлі себептермен өз мектебінде психологтың көмегіне жүгінгісі келмесе немесе мүмкін болмаса, бізге тікелей келуіне болады, – деп атап өтті психология­лық қол­дау орталығының жетекшісі Татьяна Любчанская.

Орталықтың ашылуы штаттағы қызметкерлердің санын көбейтуге де мүмкіндік берген. Қазір онда тәжірибесі мол 11 маман жұмыс істейді. Кеңес қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді шешу үшін кеңістік құруға көмектесетін диалог алаңдары мен форум-театрлары үнемі ұйымдастырылып тұрады.

– Бізде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кабинет бар. Баланың дамуы туралы кеңес алғысы келетін ата-аналар хабарласады. Диагностикалық көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз, – дей­ді Татьяна Любчанская.

Орталық сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Қажет болса, (шұғыл жағдайларда) психологтар сенбі күндері де кеңес беруге дайын.

Орталықтың мекенжайы: Әлиханов көшесі, 19, 2-қабат. Instagram: @cppkobb.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button