Ресми

Атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды — Президент

Атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдетіп, өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды. Осы орайда мен мәслихат депутаттарына мына мәселені баса айтқым келеді. Сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз сайлаушылардың мүддесін қорғайтын сапалы әрі салмақты шешімдер қабылдауға ықпал етуі керек», – деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы қолға алынған өзгерістердің жедел және табысты жүзеге асуы жергілікті жердегі жұмыстың тиімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

ҚазАқпарат.

Басқа материалдар

Back to top button