Ғасыр жасаған ардагер ардақталды
Қарағанды облысында жеті Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Солардың бірі Григорий Степенко биыл 100 жасқа толып отыр. Осы мақсатта ардагердің мерейтойы және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Сұрыптау кентіндегі Теміржолшылар мәдениет сарайында мерекелік концерт өтті. Шараға Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеев қатысып, жылы лебізін білдірді.

Аталған іс-шара тарихи құндылғымызды сақтауға, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және елінің бейбіт болашағы үшін жанын аямаған ардагерлеріміздің ерлігін насихаттауға бағытталған. Досбол Батырбекұлы өз сөзінде:
– Бүгін – тарихи күн. Олай дейтініміз Григорий Петровичтің 100 жасы Ұлы Отан соғысының 80 жылдығымен тұспа тұс келіп тұр. Ал, бұл датаның бәріміз үшін орны ерек. Осы күнге өздеріңіздің арқаларыңызда жеттік. Біз сіздерді құрметтейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, 80 жылдыққа орай Астанада шеру өткізетіндігін баса айтқан еді. Сол шеруге біздің де ардагерлеріміз қатысады. Сонымен қатар, ауданымызда да шеру өтеді, – деді.
Салтанатты шара барысында ардагерді мемлекеттік орган өкілдері келіп арнайы құттықтап, тарту-таралғы жасады. Сонымен қатар, шығармашылық ұжым өкілдері концерттік қойылым қойды.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ.