Руханият

Ғасыр ғұламасының ғибраты

Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі, әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ ғылым Академиясының академигі, Тәжікстан Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың лауреаты Қаныш Сәтбаевтың туғанына биыл 125 жыл толып отыр. Осыған орай Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Ғалымның сара жолы» атты кездесу кешін өткізді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Бұл кездесу кітапхананың Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойына орай қолға алынған «90 жылдыққа – 90 кездесу» атты жобасының аясында жүзеге асып отыр. Тағылымды шараға Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің және Қ. Сәтбаев атындағы гимназия оқушылары мен Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері қатысты.

Кездесудің спикері болған Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарының барлау» кафедрасының аға оқытушысы, PHD докторы Света Иманбаева мен Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Аймағанбетова Қаныш Сәт­баевтің ғылымдағы жолына тоқталып, балаларға молынан ақпарат берді.

Тағылымы мол шарада «Қазақ халқының ұлы ғалымы» және «Қ.Сәтбаевтың өмір жолы» бейнебаяны көрсетілді. Соны­мен қатар, ақын-жазушылардың ғалымға арналған өлеңдері мәнерлеп оқылды.
Сурет ұйымдастырушылардікі

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button