Ресми

«Егеменнің» меншікті тілшісі тағайындалды

Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің жауапты хатшысы Қасымхан Ғалым бүгіннен бастап республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып тағайындалды.

Қасымхан Ғалым

Жас журналист Қасымхан Бүркітұлы шығармашылық еңбек жолын 2018 жылы газеттің құқық және саясат бөлімінде  тілші болып бастаған. 2022 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі тағайындауға дейін облыстық басылымның хатшылық бөліміне жетекшілік жасап, жауапты хатшы болып қызмет атқарды.

Әріптесімізге жаңа қызметте шығармашылық табыс тілейміз!

Ал, «Егеменнің» өңірдегі тілшісі лауазымын абыроймен атқарып келген тәжірибелі журналист Қызғалдақ Айтжан басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button