Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет”

“Ұлытау – 2019” халықаралық туризм форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін ұлықтау мәселесіне ерекше тоқталып өтті. 

“Ұлытау ауданының орталығында Қазақ хандарының аллеясы бой көтерді.

Енді еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек.

Мысалы, Монғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр.

Ал, ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді.

Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын.

Сондықтан біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет.

Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет.

Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс.

Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажет”, – деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button