Ресми

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

“Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген құжат мәтінінде. 

Басқа материалдар

Back to top button