Бас тақырыпРесми

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым мен білім – Әділетті Қазақстанның негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында елдің ғылыми әлеуетін арттыру, білім мен инновацияны дамыту, сондай-ақ мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары талқыланды.

Сурет Ақорда

Кездесу барысында Президент ғылымның ел болашағындағы маңызына ерекше тоқталып, бұл саланың ұлттық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін атап өтті. 

– Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы, – деді Мемлекет басшысы.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button