ЖаңалықтарРесми

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хаьарлады Оrtalyq.kz Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Басқа материалдар

Back to top button