Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына  барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады. Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын», – деді Берік Уәли.

 

Басқа материалдар

Back to top button