Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

Қазіргі Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 учаскеде дауыс берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бюллетенін алып, онымен бірге дауыс беру кабинасына кірді. Дауыс беріп болғаннан кейін Мемлекет басшысы журналистермен сөйлесті.

«Бүгін – өте маңызды, тарихи күн. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар. Атқаратын жұмыс әлі де көп. Саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Жазда жалпыұлттық референдум өтті. Енді, міне кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп жатыр. Келешекте бұл жұмыстар жалғаса береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.