Бас тақырыпКоронавирусПрезидент
Қасым-Жомарт Тоқаев: “Дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет”
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясымен күресіп жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдау керек екенін айтты. Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің “Твиттер” парақшасында жазды.
«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады», деп жазды Президент.