Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады.

– Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!, – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.