Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Қазақстандық барлық интернет-ресурстар тегін болуы тиіс”

Қазақстандық барлық интернет-ресурстардың қолжетімділігі тегін болуы тиіс. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантин енгізілуіне байланысты біз халықты үйлерінде болуға шақырдық. Қашықтан жұмыс істеу адамдардың мобильді технологияларды барынша белсенді пайдалануына түрткі болады. Осыған орай төтенше жағдай режимі кезінде мобильді байланыс пен интернетке, әсіресе, білім беру ресурстарына, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қолжетімділікті кеңейтуді тапсырамын», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимі кезінде тұтынушы тарапынан абоненттік төлем кешіктірілсе де байланыс қызметін ұсыну жалға беру керектігін баса айтты.

«Қазақстандық барлық интернет-ресурстардың қолжетімділігі тегін болуы тиіс. Бұған дейін мен карантин кезеңінде халыққа коммуналдық қызметтер төлемін төмендету бойынша тапсырма берген едім. Алматы жедел әрекет етіп, тиісінше шешім қабылдады. Енді Мемлекеттік комиссия жалпыреспубликалық жүйелі шаралар әзірлеуі қажет. Толықтай алғанда, Қазақстан халқы бізден осынау шараларды күтіп отыр. Бүгін азаматтарға менің тапсырмаларымды таныстыруға және оларды жүзеге асыруға шұғыл кірісуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button