Ресми

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын»

Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болу қажет. Бұл туралы Бүкілармиялық кеңесте Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстан барлық елдермен достық қатынас орнатқан. Біздің ұстаным айқын. Барлық мәселе халықаралық құқық аясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес шешілуге тиіс деп санаймыз. Алайда, заман күнде құбылып жатыр. Мемлекеттер өз мүддесін қорғау үшін жиі күш қолданатын болды. Әлемде жаппай қарулану белең алды. «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде армияның рөлі күшейе түсті, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болу қажеттігін баса атап өтті.

– Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды. Әскердің білікті болуы және ұтқырлығы ұрыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Армия осы талапқа сай болса, өз міндетін ойдағыдай атқарады. Түрлі қауіп-қатерге тойтарыс бере алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button