Бас тақырыпБасты тақырып

Қасым ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Білім күнін Қарқаралы  ауданындағы Қасым ауылының тұрғындары ерекше қуанышпен қарсы алды.
Сурет Қарқаралы ауданы әкімдігі
Айтулы күнде жаңадан салынған мектеп ғимараты салтанатты түрде оқушыларға есігін айқара ашты.
Көлемі 1850 шаршы метрді құрайтын екі қабатты жаңа ғимаратта 14 кабинет, шеберхана мен спорт залы бар.
Көптен күткен игі жаңалық ауыл өміріне жаңа леп әкеліп, ауылдың үлкен-кішісі 200 орындық жаңа мектепке жиналды. 
Ауыл ақсақалы Сәбит Тоғамбеков  ауыл халқы атынан алғысын білдіріп, жаңа мектеп қабырғасында білім алатын 145 бала мен ұстаздар қауымына лебізін жолдады.
Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button