Бас тақырып

Асыл жандар – құрмет құшағында

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтағы бірқатар қыз-келіншекті қабылдап, мерекелерімен құттықтады. Облыс әкімдігінде өткен салтанатты шараға еңбек ардагерлері, өнеркәсіп және мәдениет саласының қызметкерлері, педагогтар, дәрігерлер, спортшылар мен көп балалы аналар шақыртылды. Сонымен қатар, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапатын табыстады.

Суреттер: life09.kz

– Бүгін зал жылылық пен сұлулыққа толы. Мен сіздерді және аймақтағы барлық әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Нәзік жандылар іске кіріскенде барлық жұмысына жанын салады. Содан болса керек, олардың әр ісі сәтті шығады, – деді Ермағанбет Қабдуллаұлы

Шара барысында Закира Бахторазова мен Ғалия Қашаубаеваға «Алтын алқа» марапаты табысталды. Ал, Светлана Жұмаділова мен Венера Кентаева «Күміс алқа» иегері атанды.

Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Нұрсұлу Букетоваға Президенттің құттықтау хаты табысталды.

«Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану магистрі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Татьяна Резвушкина Ұлттық комиссияның Алғыс хатымен марапатталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button