Жаңалықтар

Асығы алшысынан түсті

Өткен аптада Балқаш қаласында ұлттық спорт салтанат құрды. Шаһардағы «Металлург» сауықтыру кешені аумағында ересектер арасында «Асық ату» бойынша «Сұрмерген» облыстық турнирі өтті.

Дүбірлі додаға Абай, Осакаров, Ақтоғай ауданынан, сондай-ақ Теміртау, Қарағанды, Саран және Балқаш қалаларынан спортшылар қатысты. Турнир өте тартысты өтті. Себебі, мұнда облысымыздың әр өңірінен іріктелініп алынған нағыз асық атудын шеберлері жиналды. Жалпы, асық атуды тек ауылда ғана емес, қалада да танымал етуге болатынын айтулы шара дәлелдеп берді. Кіл мықтылар асық ату ойынының бірнеше түрі бойынша жарысты. Асығы алшысынан түсіп, мергендік танытқандар үздік атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Ақтоғай ауданының командасы, II орынды Абай ауданының командасы, III орынды балқаштық спортшылар иеленді.

Айта кетейік, жарыс барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы қатаң сақтай отырып, сондай-ақ «Ashyq» қосымшасын пайдалана отырып өткізілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button