ЖаңалықтарМедицина

Астаналық хирургтер қарағандылықтарға ота жасады

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасымен жасалған меморандум аясында Президент Әкімшілігі Медициналық орталығының хирургтары Қарағанды тұрғындарына ота жасап, кеңес берді. Облыстық клиникалық ауруханада бариатриялық,  қуық асты безіне, бүйрекке лапароскопиялық, бауыр кисталарын алып тастау сияқты оталар жасалды.

Сурет: ОКА

– Президент Әкімшілігінің Медициналық орталығының ұжымы бірқатар лапароскопиялық эндоскопиялық оталар жасады. Қарағандылық мамандардың жоғары біліктілігі мен жоғары техникасын атап өткім келеді. Сондай-ақ, аймақ тұрғындары өңірден шықпай-ақ жоғары білікті медициналық көмек ала алғанына қуаныштымын, – дейді Президент Әкімшілігі емханасы урология бөлімінің меңгерушісі Бақтияр Қасым.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары астаналық ангиохирург, хирургиялық қызмет меңгерушісі, гинеколог, хирургиялық бөлім меңгерушілерінен кеңес алды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button