Ресми

Астанада «Журналистер саябағы» ашылды

Бүгін елордада қаланың 25 жылдығына орай Астана қаласы əкімдігінің бастамасымен бой көтерген «Журналистер саябағының» салтанатты ашылу рəсімі өтті, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі игі іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбек, бұқаралық ақпарат саласының ардагерлері, республикалық арналар мен газеттердің басшылары және мәслихат депутаттары қатысты.

п

Салтанатты шарада бірінші болып сөз кезегі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліге берілді.

– Қайырлы күн, қадірлі ел ағалары! Қымбатты әріптестер. Ең әуелі баршаңызды бүгінгі саябақтың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл журналистерге көрсетілген үлкен құрметтің бір көрінісі. «Журналистер саябағының» елорда күні қарсаңында «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» орналасқан ғимараттың алдында ашылуының да символикалық мәні бар. Себебі биыл Астанаға 25 жыл толып отыр. Ал енді сол елордамыздың еңселі болуына ардагер журналистер еселі еңбек етті. Сондықтан бұл аллеяны ардагерлерге тарту ретінде қабылдап отырмыз,-деді министр.

д

Сондай-ақ елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Журналистер саябағының» ашылуымен құттықтап, оның маңыздылығын атап өтті.

– 25 жылдың ішінде елордамыз тек әкімшілік орталық емес, шығармашылық мәдени және рухани орталыққа айналды. Бүгінде еліміздің ең ірі басылымдарының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің орталық кеңсесі Астана қаласында орналасқаны заңдық құбылыс деп санаймыз. Сондай-ақ бұл саябақ «Қаламгерлер аллеясымен» ұштасып жатыр. Ол жерде қазақтың алғашқы газеттерін ашқан Алаш арыстарының ескерткіші тұр,-деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

х

«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының айтуынша, Алаш қайраткерлеріне арнап тұғыртастардың көтерілуі бүгінгі «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда», соның айналасында «Қазақ газеттерінің» қайта жаңғыруы бүгінгі уақыттың талабы болып отыр.

– Бүгінгі журналистерге даналық, батырлық ауадай қажет. Аға буын мен бүгінгі журналистердің арасындағы алтын көпір жалғасын таба береді деп ойлаймыз. Ашылған саябағымыздың абыройы мен беделі арта берсін. Осында келген журналистер сабақ алатындай, үлкен шеберлік мектебі болатындай жақсы жетістіктерге жете берейік,- деді Дихан Қамзабекұлы.

д

Айта кетейік, аллея бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің басын қосатын, ортақ жетістіктерін атап өтуге, бұқаралық-мəдени іс-шаралар өткізуге арналған алаңға айналмақ.

л

ржп

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button