Жаңалықтар

Астанада тағы бір автомобиль көпірі ашылады

Астанада биыл  Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі ашылады, деп хабарлайды ortalyq.kz.

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды.

– Биыл Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін ашамыз. Аталмыш көпірдің құрылыс барысымен таныстым, ол көлік қозғалысын едәуір жылдамтады: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы аумағы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы және сол жағалау арасында қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Көпір құрылысының қарқынын арттыруды міндеттедім. Көлік нөпірін жеңілдету үшін жаңа көшелер салуды, жаңа жолдар ашуды, жаңа көпірлер жобалауды және т.б. жалғастырамыз, – деді ол.

Басқа материалдар

Back to top button