Астанада 29-30 қыркүйекте алғашқы LRT пойызы іске қосылады
Келер аптаның басында Астанада LRT-ның бірінші пойызы рельспен жүріп өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

– 29-30 қыркүйекте “Әбу-Даби” станциясынан “Мәңгілік Ел” бағытындағы көпірге қарай станциялар аралығындағы пойызды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытын, станциялар мен пойыздар санын арттырамыз. Жалпы, тестілеу үш айдан алты айға дейін созылады, – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, әкім жалпы тестілеу үш айдан алты айға дейін созылатынын атап өтті. Қазан айында қосымша сегіз пойыз келеді, ал 18 пойыздың барлығы желтоқсанға дейін дайын болады.
– Келесі жылдың басына дейін барлық пойыздарды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Желтоқсан айының соңына дейін немесе қаңтардың басынан ортасына дейін барлық пойыздар сынақ режимінде жүреді. Болжам бойынша жол жүру ақысы 200 теңге, – деді Жеңіс Қасымбек.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА