Руханият

Астанада «100 жаңа есім» иегерлерімен жүздесу өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазмедиа» орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Жобада есімдері ерекшеленген 29 үміткердің 15-і, яғни тең жартысы – Астаналықтар. Бұл елорда жаңа идея мен жастар энергиясының символына айналғанын аңғартады.

Бұл жоба осымен екінші рет өткізіліп отыр. Әр саланың ерекше талантты әрі қабілетті жастарын анықтауға бағытталған республикалық  жобаның екінші маусымы 2018 жылдың қыркүйек айында басталған.
Екінші маусымдағы «100 жаңа есімге» қатысуға 2388 өтінім беріліпті. Жоба талаптарына сай анықталған 200 үміткерден онлайн дауыс беру арқылы 29 адам жеңімпаз деп табылды. Олардың қатарында қоғам, спорт, білім, мәдениет, бизнес, ІТ, медицина, ғылым және БАҚ саласының үздіктері бар.

Жоба жеңімпаздары арасында талантты ақын Мақпал Мыса да бар. Ол кездесуде өзінің тамаша өлеңін оқып, Елбасының және қатысушылардың жүрегін елжіретті. Әлеуметтік желіде жарияларған бейнетаспадан Мақпал ақынның өз өлеңін нақышына келтіре оқығанын көруге болады.

Басқа материалдар

Back to top button