АймақБас тақырыпҚарағанды

Астана – Теміртау трассасында лазерлік ескерту жүйесі сынақтан өтуде

Астана – Теміртау бағыты бойындағы республикалық маңызы бар автожолдың 1402-шақырымында (Ошағанды ауылы маңы) инновациялық лазерлік ескерту жүйесі орнатылды. Бұл жүйе түнгі уақытта жүргізушілердің көру алаңына түрлі-түсті жарық сигналдарын проекциялап, жол-көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, жаңа технология жүргізушінің назарын аударып, қауіпті жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шаршау, көрудің төмендеуі мен шектеулі көріну салдарынан болатын апаттардың алдын алуға көмектеседі.

– Жүйе түнгі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған. Ол жарық сигналдарын тікелей жүргізушінің көру алаңына проекциялайды. Бұл жүргізушіге қауіпті жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді және шаршау, назардың төмендеуі мен шектеулі көрініс салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

Жүйені әзірлеушілердің айтуынша, жүргізушілер лазерлік жол сызықтарына дәстүрлі белгілерге қарағанда жылдам жауап қайтарады. Шетелдік тәжірибеде мұндай жүйе қолданылған учаскелерде апат деңгейі 40–50%-ға дейін төмендеген. Қазақстанда мұндай технология алғаш рет сынақтан өтіп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button