Бас тақырып
Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады?
Шілдеде қазақстандықтарда қосымша бір күн демалу мүмкіндігі бар. Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн елорданың 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген тарихи дата.

Биыл 6 шілде жексенбі күніне түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сәйкес, мерекелік күн демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Сондықтан 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болып бекітіледі.
Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.
Демалыс күндерінің кестесі:
Бес күндік жұмыс аптасы: 5, 6 және 7 шілде – демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы: 6 және 7 шілде – демалыс, 5 шілде – жұмыс күні.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА