АймақБас тақырыпҚарағанды

Астана–Қарағанды–Алматы автожолдарына14 жаңа лазерлік қондырғы қойылды

Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қарағанды – Балқаш бөлігіне түнгі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған 14 жарық лазерлік қондырғы орнатылды. Бұл құрылғылар жүргізушінің ұйықтап кету қаупін азайтып, назарын шоғырландыруға және жолдағы бағдарды анық көріп отыруға көмектеседі. Сондай-ақ лазерлік жүйе ықтимал жол-көлік оқиғаларының зардаптарын төмендетуге ықпал етеді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ хабарлады.

Суреттер «ҚазАвтоЖол» ҰҚ

Жүйе көлік қозғалысының алдына айқын жарық сызықтарын проекциялау арқылы жұмыс істейді. Жүргізуші бұл сызықтарды тез байқап, жылдамдықты реттеу немесе қозғалыс бағытын түзету қажеттігін оңай аңғара алады. Технология әсіресе түнгі уақытта, тұманды ауа райында, ұзын түзу жол учаскелерінде және жол белгілері нашар көрінетін бөліктерде жоғары тиімділік көрсетеді.

Халықаралық тәжірибе мұндай жүйелер орнатылған жолдарда жол-көлік оқиғалары 40–50 пайызға дейін азайғанын дәлелдеген.

Қазақстанда бұл технология алғаш рет Астана – Теміртау трассасындағы Ошағанды ауылы маңында сынақтан өткен. Тиімділігі расталғаннан кейін жүйені кең көлемде енгізу туралы шешім қабылданып, енді Қарағанды – Балқаш бағытына да қойылып отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button