Ассамблея еліміздегі этносаралық келісім мен тұрақтылықтың негізгі тірегі болып есептеледі. 30 жыл ішінде түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін сақтап, бір шаңырақ астында тату өмір сүруі – үлкен жетістік ретінде бағаланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «шын мәнінде, Ассамблея – біздің мемлекеттілігіміздің іргетасын нығайтатын негізгі институт». ҚХА тек этностардың мүдделерін білдіріп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы диалог үшін тұғырнама ретінде әрекет етеді, Қазақстанның барлық халықтарын елдің тарихи-мәдени және құқықтық өзегі төңірегінде біріктіреді. Ассамблея өз қызметінің арқасында ұлттық бірлікті нығайтады, бейбітшілік пен келісімнің елшісі қызметін атқарады, елдің одан әрі дамуына ықпал етеді.
Жарқын Алипова,
зейнеткер,
Абай қаласы