Жаңалықтар

«Аспан жақта жымыңдайды бір жұлдыз»

Он төрт жаста өлең өріп өзімше,
Балалықтан даналыққа ауыстым, – деген Тұрсынның, киелі өлең өлкесіне ерте келгенімен аз жазған жəне саз жазған ақын екенін, 37 жыл ғұмырында жыр сүйер қауымға қалдырып кеткен он баспа табақтан сəл асатын періште жырлары толық айғақтайды. Өзіне əуелден үлкен талап, биік жауапкершілік қоя білген ақын, осал жыр жазбауға бекініп, іштей серт берген сияқты болады.

 

Жалғанның шығармай жарығына,
Жылуы жоқ өлеңнің бəрін сыздым, – деуі соның дəлелі.

Ақынның қай өлеңін оқысаңыз да əсерлі, ойлы, сезім қылын шертеді, сұлулыққа шомылдырады, жаратқанның жұмбақ сырларына табындырады, тылсым құпияға жетелейді, жүректі баурайды, күрсінтеді, мұңға батырады. Əділетсіздікке, күншілдікке, қысастыққа, қатыгездікке өзінің қарсылық үнін білдіреді.

Өлеңінде қалады ғой мөлдіреп,
Ақындардың бар иманы, бар шыны, – деп жүректен шыққан шынайы сырын ақтарады. Бір жола ақындық тағдырды таңдайды. Əйтпесе:

Солай достым, түнді отырам күн етіп,
Адамзатқа айтар сөзім болғасын.
Жүрегіме көктемдерді түнетіп,
Поэзиядан бастаған ем жол басын демес еді…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 01.07.2023 №72 (23 248) санынан оқи аласыздар. 

Бекəділ СЕМҚҰЛ,
журналист
ҚАРАҒАНДЫ

Басқа материалдар

Back to top button