Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Қадірлі қарағандылықтар!
Сіздерді келіп жеткен қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймыз!
Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Ол адамзат баласын шыдамдылық сақтауға, қиындықтарға сабырмен қарауға, бардың бағасына жетуге тәрбиелеп, қайырымды болуға шақырады.
Бұл ай – араздасқан жандардың татуласып, көріспеген туыстың табысатын, адамның жүрегіне мол мейірім, бойына қанағат ұялататын ерекше кезең.
Осы айда әлемнің бүкіл мұсылмандар қауымы Ораза тұтып, рухани тұрғыдан жаңару жолына түседі. Қасиетті Ораза айында адамдар арасындағы өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі.
Осы кезеңде жасаған қайырымдылықтарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болып, қасиетті ай әрбір отбасын шапағатына бөлесін!
Облысымыздың барлық мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ниеттеріңіз қабыл болып, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!
Оразаларыңыз қабыл болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы