Ресми

Ashyq-қа қосылғысы келетіндер саны артты

Қарағанды облысында Ashyq жүйесінде тіркеуге көмек көрсету пункттері іске қосылды. Енді өтінімді жеңілдетілген нысан бойынша рәсімдеуге болады. Ashyq-қа қосылғысы келетіндер саны арта түсті.

Мысалы, Қарағандының бір ғана нарығында жүзге жуық өтінім берілді. Көмекке Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары келді. – Мен компьютерлік сауаттылықта мықты емеспін. Жүйеге өз бетімше қосылу қиын болар еді. Мұнда бәрі тез жасалды. Ashyq-пен карантин күшейген кезде жұмысты жалғастыра аламын, – деді кәсіпкер Лидия Чернышова. Әйел базарда бутик жалдап, заттарды сатады. Ashyq қосымшасын тіркеу https://infokazakhstan.kz/ сайтында жүргізіледі. Процедура жеңілдетілді. Егер бұрын өтінімді өңдеуге жеті күнге дейін уақыт кетсе, енді QR-кодты алу екі сағаттан аспайды. Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Қарағанды облысының әкімдігі. 

Басқа материалдар

Back to top button