Жаңалықтар

Ашықтық пен жариялылық жаршысы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілді. Ал, дүйім жұртты қуантқаны – оның құрамына еліміздегі қоғамдық-саяси күштер өкілдерінің кіргені болды. Демек, билік пен қоғамның ашық диалогы сөз жүзінде ғана қалмай, іс жүзінде нақты шешімдер қабылданып, нәтижесін көретін боламыз.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жоғары билікке жалтақ­ тамай, халықтың сөзін сөйлейті­ніне күмән туған жоқ. Себе­бі, әр түрлі саяси топтардың өкілдерінен құрылған топ құ­рамында айтылатын жан-жақ­ты пікірлерден туындайтын ортақ шешім әр топтың да көзқарасымен есептеспей ме?! Оның ар жағында халықтың көзқарасын да ескеру мәселесі тұр.

Осы жерде ашықтық, жа­ риялық болатыны да мәлім. Кеңеске бүкіл қоғам өкіл­ дерімен қатар, жастар да кіре­тінін айта кету керек. Бұл – Жастар жылында атқарылар жарқын бастамалардың одан әрі жалғасатынын, жастар мәселесі үнемі назарда болатынын біл­ діреді. Сондай-ақ, осы мақсатта өзіне жүктелген міндетті жас­ тарымыз да абыроймен алып жүреді деген сенім бар. Сенімімізге селкеу түспей, халықтың ойы, мұң-мұқтажы Ұлттық сенім кеңесі арқылы биліктің құлағына жетіп, дұрыс шешімдер қабылданатынына сеніміміз зор. Сонда ғана іргесі мықты, әл-ауқаты артқан, озық елдер қатарынан көрінетініміз анық.

Светлана ЖУМКИНА,

Жезқазған көлік және бизнес колледжінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button