Ресми

Ашық қоғамның алғышарты

Ел Президенті 2019 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі орган ретінде қазақстандық полицияның ахуалын оңтайландыруды жолға қойды. Осы бағдарламалық құжатты іске асырудың маңызды бағыты соңғы жылдары жасалып жатқан құқық қорғау жүйесін реформалау болып табылады. Ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды даярлау ісіне ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы көп үлес қосуда.

Жалпы, біздің ЖОО-ның құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі білім беру процесі полиция қызметкерлерінің білімін игеруге және күнделікті кәсіби қызметте дағдыларын дамытуға, бір бағытта мамандануына (тергеуші, криминалист) қарамастан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қарағанды облысы ПД және Қарағанды академиясының бастықтары бекіткен киберволонтерлер тобы туралы ережені іске асыру шеңберінде 16 курсант іріктеліп алынды және қазірдің өзінде киберқылмыстарды ашу бойынша жұмысқа тартылуда. Осыған байланысты тиісті оқытудың қажеттілігі жоқ. Себебі биылдан бастап, жаңа киберқауіпсіздік кафедрасы өз қызметін бастайды. Осылайша, 2023 жылы Академия атап өткен бағыттар бойынша екі кафедра құрылды.

Академия қызметкерлері мен курсанттары «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмелері» және «Жолдағы қабылдау орны» атты республикалық масштабтағы жобаларға белсене қатысады. Атап айтқанда, біз ірі сауда орталықтарында азаматтарға кеңес береміз. Аталған жұмыстар карантинге дейін жүрді. Содан кейін Академия сайтында онлайн кеңес енгізілді. Ішкі істер министрлігі полиция қызметіндегі сервистік тәсілдер тұжырымдамасын іске асыруда. Бұл жоба 2019 жылы Қарағандыда басталды. Аймақ басшысының өкімімен академия өкілдері кіретін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ (МГОБ) құрылды. Біздің ҒЗИ ғылыми қызметкері С.Молбасин жалпы қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді. Ол аймақтарды аралап, қызметкерлерге қызмет көрсету тәсілдерін үйретті. Жауапкершілікпен және сапалы атқарылған жұмыс «Үздік жоба» және «Үздік жобалық кеңсе» аталымдарын алып, бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, сервистік тәсілдерді енгізу, қабылдау науқанына да әсер етті. ІІМ жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар қайта қаралды. Биылғы жобада – емтихан блогының психологиялық компонентін тереңдетуіне мыналар кіреді: талапкер психотесттен өтеді, эссе жазады.

Болашақ полицейлерді қазіргі заманға сай даярлау, ІІО-ның қызметтегі қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары қайта өңделді. Полиция қызметінің сервистік тәсілдері тек әкімшілік қызметтерге ғана қатысты емес. Біз сол бағдарламаға шешендік өнерді, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын оқытуды, менеджмент негіздері бойынша арнайы курстарды енгіздік. Бұл ІІО қызметіндегі ұйымдастыру және басқару, қызметкерлердің кәсіби этикасы, стреске төзімділік дағдыларын дамыту, психологикалық бағытты дамыту болып табылады. Курсанттарға арналған барлық оқу бағдарламалары қылмыстың өзекті түрлерін, соның ішінде киберкеңістіктегі қылмыстарды ескере отырып әзірленген. Оқу бағдарламаларына сервистік тәсілдерді оқыту элементтерін қарастыратын тақырып енгізіледі.

Отбасылық қылмыстың өсуіне байланысты академияда «тергеуші-әйелдер» арнайы факультативтік курсы ұйымдастырылды. Онда оқыту барысында курсант-қыздар, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар бойынша тергеу және тергеу іс-қимылдарын жүргізу ерекшеліктерін зерделейді. Бұл да қызмет көрсету тәсілдерінің бір бағыты. Сонымен қатар, біздің академияға біліктілікті арттыру курстарына келген ІІО-ның барлық қызметкерлері полицияның сервистік қызметі бойынша тақырыптарды оқып жатыр. Қазіргі таңда атқарылып жатқан негізгі критерийге сай жұмыстар осы.

Ақынғали ДӘРМЕНОВ,

полиция генерал-майоры, ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button