АймақБалқаш

«Ашық әкімдік» – ашық диалог

Балқаштықтар үшін мемлекеттік қызметтерді және мамандардың кеңесін алу жеңілдемек. Енді, әкімдік қызметкерлеріне кіріп, мәселесін шешу үшін кабинет алдында кезек күтудің қажеті жоқ. Шағын шаһарда жаңа ғимаратқа көшкен «Open Akimat» өз жұмысын бастады. Мұнда қала тұрғындары «Бір терезе» қағидаты бойынша қажетті мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймай, шағыммен немесе ұсыныспен жүгіне алады.

Сервистік орталықта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және сәулет бөлімдерінің мамандары қабылданады. Болашақта мұнда қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылмақ. Қараменде би көшесіндегі 15-үйде орналасқан «Ашық әкімдіктің» жұмысы тұрғындар үшін оңтайлы болмақ. Мұндағы мамандардың мәлімдеуінше, «Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау форматында жұмыс істейді. Егер де тұрғынның мәселесін шешу үшін қала басшысының не болмаса орынбасарларының көмегі қажет болса, оны азаматтарды қабылдауға арналған 1-қабаттағы кабинетке кіргізеді. Сондай-ақ, кеңсе қызметкерлері елдің жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғындардың ұсыныстарын жинап, саралайтын болады.

Айта кетейік, қала халқына 15 терезеде қызмет көрсетіледі. Мұнда олар 50-ден астам мемлекеттік қызмет ала алады. Ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да орнатылған.

Нұрдос КӘРІМ,

БАЛҚАШ.

Оrtalyq.kz   

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button