Асхат Аймағамбетов: Археология мен реставрация жұмыстарына екі бөлек лицензия енгізіледі
“Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және археология қызметін реттеу мәселелеріне арналған заң жобасын таныстырды” деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты BAQ.KZ- ке сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп, Ұлттық құрылтайда нақты тапсырмалар берген. Ұсынылған заң жобасы – сол тапсырмалардың орындалуының нәтижесі.
Асхат Аймағамбетов археология саласындағы негізгі мәселелерге тоқталып, ең алдымен лицензиялау жүйесінің тиімсіздігін атап өтті. Қазіргі жүйеде лицензиялар мерзімсіз беріледі және ұйымдар кез келген ескерткішпен жұмыс істей алады. Соның салдарынан мамандардың біліктілігі тексерілмей, сапасыз қазбалар мен бүлінген ескерткіштер көбейіп отыр.
«Біз әділ лицензиялау жүйесін енгіземіз», – деді депутат.
Жаңа заң жобасына сәйкес:
• археология мен реставрация жұмыстарына екі бөлек лицензия енгізіледі;
• әр лицензияның мерзімі – 5 жыл;
• арнайы біліктілік талаптары белгіленеді;
• заң талаптары бұзылған жағдайда лицензияны 6 айға дейін тоқтату немесе қайтарып алу көзделген.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл өзгерістер саланы жүйелеп, нағыз кәсіби мамандарға жол ашады.
Аяулым СОВЕТ



