Жаңалықтар

Ашаршылық

Жеуге де битің болмай татар сығып.

Өзектерге өрт құйған өкініштер,

Тағдырлары танытқан қатал қылық.

 

Ауды басы,

Ауру түгіл табылмай саудың асы.

Тулақ дәмі талайдың таңдайында,

Қорек қылған қымыздық, тау жуасы.

Қанды қасап,

Қырғындар тұрады ылғи жанды қашап.

Бөбегімді кетердей ұрлап қашып,

Кірпік қақпай, қарайлап аңдымасақ.

Қандықолдар,

Жәһаннамға баратын салды жолдар.

Жаратушы жандарды қан жүктеген,

Көр азабын көрсетіп мәңгі қорлар.

Асыл боздақ,

Кеудемді ащы шерің жатыр қозғап.

“Елім-айлап” көңілден көшеді өмір,

Ботадай жиырмасыншы ғасыр боздап.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button