Жаңалықтар

Қасқыр

Қасқыр – бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған қанды ұрыстардың
Иісін сезем даладан.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Азуында Күннің нұры ойнаған,
Жанарынан бір тылсым ой бағам…
Қарсы алдымда қасқыр-ақын
тұрады,
Алысқанын алып ұрмай қоймаған.

Айдың алтын сәулесі бар тісінде,
Көк Тәңірдің сипаты бар түсінде.
Ақсұңқардың Серігінен аумайтын
Ұлып тұрған қасқыр көрем түсімде!

Ұлып тұрған қасқыр көрем неге мен?!
Бауырымдай, жақынымдай көнеден.
Көз алдыма Серік ақын келеді,
«Ол – Менмін! – деп, – қасқыр емген
енеден…»

«Көк Тәңірдің сөзі – менің сөзім» деп,
«Көк Бөрінің көзі – менің көзім» деп!
Ішін тартып көкке қарап ұлиды,
«Көк Түріктің сөзі – менің Өзім» деп!

О, Көк Бөрім, ұлығаның ұнайды,
Сен ұлысаң еске салып Құдайды.
Сөз патшасын мансұқтаған
малғұндар
Басын бүркеп, жер тізерлеп
жылайды!

… Ішін тартып, Айға қарап ұлиды,
Ол ұлыса – ішім менің жылиды.
Қорқаулардың тірсектері қалтырап,
Зәр жіберіп, зәре-иманы құриды!

Ұлып тұрған Ақын көрем неге мен,
Қасқырменен бірге туған енеден?!
Қазақтағы қара өлеңнің киесі,
Ол қасқырды, қасқыр оны жебеген..!

Күннің алтын нұры ойнаған тісінде,
Көк Тәңірлік заңғар, алып пішінде.
Ақсұңқардың Серігінен аумайтын,
Ұлып тұрған қасқыр көрдім
түсімде…

МАРАЛТАЙ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button