Ресми

Асқар Шәкіров Сенаттың тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды

Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатының Палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: vlast.kz

Палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Асқар Оразалыұлы Шакировтың кандидатурасы ұсынылды. Сенат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Шәкіров Асқар Оразалыұлы 1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.

1 класс Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық рангісі бар.

1978 жылдан 1992 жылға дейін – КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1992 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі.

1995 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл.

1996 жылғы мамыр – сәуір айлары арағында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші.

1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

1998 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2004 жылғы тамыз айынан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы.

2007 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

2012 жылғы 27 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған.

2017 жылғы 4 қыркүйекте – ҚР Президентінің ұсынуы бойынша ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне сайланды.

2019 жылғы 13 тамызда – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2019 жылғы 2 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды.

2023 жылғы қаңтарда Сенат депутаты болып қайта сайланды.

«Құрмет» орденімен және 21 медальмен марапатталған.

Басқа материалдар

Back to top button